Tengri Tyres компаниясы жеңіл автомобильдерге, жол талғамайтын көліктерге, коммерциялық көліктерге арналған шиналарды, сондай-ақ ЦМК жүк көлігіне арналған шиналарды шығарады.
Саран қаласындағы зауыты Қазақстан Республикасындағы шиналар шығаратын жалғыз заманауи автоматтандырылған кәсіпорыны болып табылады.
Tengri Tyres Шина зауытының құрылысы 2021 жылы Қазақстан Республикасының Саран қаласында басталды.
2024 жылы Инновациялық және жоғары автоматтандырылған өндіріс жарқын және күшті Tengri Tyres атауына ие болды.
Тенгри сөзі түркі халықтарының мифологиясынан шыққан, күш рухы мен жеңімпаздың бейнесін білдіреді. Бұл ішкі нарыққа және экспортқа өнім шығаратын заманауи Шина компаниясын дәл сипаттайды.
Attar шиналарының сапасы шина саласындағы ең жақсы әлемдік тәжірибеге сәйкес келеді. Шығарылатын әрбір шинасы міндетті бақылаудың екі кезеңінен өтеді (200% сапаны бақылау деп аталады) – алдымен визуалды бақылау, содан кейін міндетті автоматтандырылған бақылау. Бақылаудан өтпеген шиналары кесіліп, кәдеге жаратуға жіберіледі.
Tengri Tyres зауытының ауданы 106 мың шаршы метрді құрайды, яғни 15 футбол алаңының ауданына сәйкес келеді. Компания Еуропа, Қытай, Жапония елдерінен шина өнеркәсібінің озық өндірушілерінің жоғары технологиялық автоматтандырылған заманауи жабдықтарын пайдаланады. Сериялық өндірістің басталуы - 2024 жылдың маусымы.
2024 жылдың маусымында Саран қаласында өндіріс үшін арнайы жасалған Attar брендімен жазғы шиналардың сериялық өндірісі басталды. Алғашқы шиналары Қазақстанның дилерлік орталықтарына жөнелтіліп, 2024 жылдың шілдесінде экспортқа шығарылды.
Шиналар өндірісінің автоматтандырылған технологиялық процесі шиналар өндірісінің толық циклін қамтиды: резеңке қоспалар және компоненттер жасау, шиналарды құрастыру, вулканизация және дайын өнімнің сапасын бақылау.
Зауыт жобалық қуатқа шыққаннан кейін 1100–ден астам жұмыс орнын ұсынады. Шина зауытында жұмыс істеуді таңдаған қызметкерлер жаңа мамандық бойынша арнайы оқудан және біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
Зауыт Саран қаласы үшін ғана емес, Қарағанды облысы үшін де қала құраушы кәсіпорын болып табылады. Кәсіпорынға қала мен облыстың әртүрлі нүктелерінен қызметкерлерді жеткізу жүйесі ұйымдастырылған. Ыңғайлы автобустар кестеге сәйкес қызметкерлерді икемді маршруттар бойынша тасымалдайды. Бүгінгі таңда зауытта Саран, Қарағанды, Шахтинск (Шахан), Абай, Топар және Теміртаудың қызметкерлері жұмыс істейді.
Зауыттың әзiрленген жобасының және оны одан әрi дамытудың негiзгi басымдықтарының бiрi экологиялық және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк жөнiндегi барлық талаптарды орындау, өндiрiстiк және технологиялық процестер нәтижелерiнiң қоршаған ортаға әсерiн азайту болып табылады.
Зауытта енгізілген заманауи технологиялар экологиялық және техносфералық қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге, сондай-ақ энергия тиімділігін арттыруға және өндірістің пайдалану шығындарын төмендетуге сөзсіз мүмкіндік береді. Қоршаған ортаға әсердi бақылау жөнiндегi ережелер мен саясат әзiрлендi, олар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындауға бағытталған, сол сияқты жұмыс iстеп тұрған басқа да озық шиналық кәсiпорындардың тәжiрибесiн ескередi.
Тұрақты экологиялық мониторинг өлшеулерді жүзеге асыратын болады, бұл қоршаған ортаға шығарындылар көрсеткіштерінің белгіленген нормативтерге сәйкестігін қадағалауға мүмкіндік береді.
Өндіріс экологиясы барлық жұмыс орындарында және барлық үй-жайларда тиісті еңбек жағдайларын жасауды да қамтиды. Ауаның қажетті мөлшері, оның тазалығы мен сапасы желдету және ауа баптау жүйесімен қамтамасыз етіледі. Жылыту, желдету және ауа баптаудың барлық параметрлерін бақылау және басқару үшін автоматтандырылған басқару жүйесі көзделген, ол жүйелердің апатсыз, сапалы жұмысын және оларды бақылауды қамтамасыз етеді.