26.09.2024, 09:00 Санатта Компанияның жаңалықтары
Қазақстан Республикасының Саран қаласында орналасқан Tengri tyres зауыты 2024 жылдың қыркүйегінде Tengri Tyres ЖШС ("Тәңірі Тайерс" ЖШС) заңды тұлғасын қайта тіркеуді аяқтады. Нәтижесінде маусым айында Attar автомобиль шиналарының сериялық өндірісін бастаған зауыт қазір Tengri Tyres ("Tengri Tyers") деп аталады.
Жаңа атау мен логотипті жасау кезінде Қазақстанның тарихы мен мәдениетін айшықтау мақсаты тұрды. Tengri сөзі күш рухы мен жеңімпаздың бейнесін білдіретін түркі халықтарының мифологиясынан шыққан. Бұл ішкі нарыққа және экспортқа өнім шығаратын заманауи шина компаниясын дәл сипаттайды. Логотип стильдендірілген «Т» әрпіндегі екі маңызды ұлттық символды біріктіреді, ол - қасқыр және Хан Тәңірі тауы.

«Бүгін, біз Қазақстандағы заманауи шина зауытының жаңа атауын ұсынамыз. Инновациялық және жоғары автоматтандырылған өндірісі қазір жарқын және күшті Tengri Tyres атауына ие. Мұнда жетекші әлемдік стандарттар бойынша Аttar шиналары шығарылады: әрбір шинаға енгізілген 200% сапа бақылауы автокөлік иелеріне көлікті қауіпсіз және ыңғайлы басқаруға кепілдік береді», – деді Tengri Tyres компаниясының бас директоры Радий Фаридович Бурганов.
2024 жылдың маусымында зауыт Attar брендімен жеңіл автомобильдерге арналған шиналардың сериялық өндірісін бастады. Attar шиналары баға бойынша бюджеттік сегментке жатады. Бұл өнім Қазақстанға және басқа елдерге экспорттауға арналған: 15 Шілдеде шиналарды Қазақстанның дилерлік орталықтарына алғашқы жергілікті жөнелту өтті. 16 қыркүйектен бастап зауыттың өнімдері бастапқы жинақтау үшін Қазақстанның автомобиль зауыттарына жеткізіле бастады.
Жоспарланған өндірістік қуаттылыққа жеткенде, Tengri tugees зауыты жыл сайын 3 миллион жеңіл шиналар мен 500 мың жүк шиналарын шығара алады. Сондай–ақ қызметкерлердің жалпы саны артады: қазір штатта 660 адам бар және 1100 қызметкерге дейін ұлғайту жоспарлануда. Қазіргі уақытта кадрлар жинау жұмыстары белсенді жүргізілуде.
Tengri Tyres шина зауыты Қазақстанның жалғыз және жоғары автоматтандырылған Шина кәсіпорны болып табылады. Өндірісте Шина индустриясындағы үздік әлемдік тәжірибеге сәйкес келетін өндіріс пен өнім сапасының бірыңғай стандарттары енгізілді.